УЕФА түрмеде жатқан Қайрат Боранбаевтың қызметін сақтап қалған

Фото: Mcdonalds.kz
Фото: Mcdonalds.kz
02.08.2023 14:03
1149
УЕФА түрлі комитеттер тізімін жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ұйымдардың қатарында қазақстандықтар да бар.
Фэйрплей және әлеуметтік жауапкершілік комитетінің құрамында Қайрат Боранбаев қалған. Ол екінші вице-төраға ретінде көрсетілген. Бұл УЕФА-ның Боранбаевқа қолдауының көрінісі болса керек.
Оқи отырыңыз:
Ал Jira бағдарламасына Қазақстан атынан, неге екені белгісіз, молдовалық маман Геннадий Скуртул ұсынылған.
УЕФА-дағы өзге қазақстандықтар:
- Әділет Барменқұлов – ұлттық қауымдастықтар комитеті
- Қайрат Оразбеков – футзал және жағажай футболы комитеті
- Бағдат Қасенов (ҚФФ басқарушы директоры) – стадиондар қауіпсіздігі комитеті
- Олжас Абраев – ойыншылар мәртебесі, трансфер және матчтық агенттер жөніндегі комитет
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысында сұйытылған газ тапшы
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды