Жаңалықтар

УЕФА Ресей клубтары қатарға қашан қосылатынын айтты

УЕФА Ресей клубтары қатарға қашан қосылатынын айтты
Фото: uefa.com 22.06.2023 18:29 750

УЕФА президентінің ұлттық қауымдастықтар жөніндегі кеңесшісі Йозеф Клемент ресейлік клубтар мен құрама жақын арада халықаралық аренаға оралады деген үмітін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір Ресей әлемдегі саяси жағдайға байланысты ФИФА мен УЕФА-ның ұйымдастыруымен өтетін турнирлерден шеттетілген. Чефериннің сәлемін жеткізейін. Біз қазір өте маңызды сынаққа тап болдық, бірақ УЕФА-да футбол жеңіске жететініне сенімдіміз. Жақында бір-бірімізді шенеуніктер арасында ғана емес, футбол алаңында да кездестіреміз деп сенеміз. Ресей құрамалары мен клубтары халықаралық аренада қайтадан ойнай алады деп сенеміз. УЕФА Ресей Федерациясымен ынтымақтастығын ешқашан үзген емес. Футбол көпір салуы керек, - дейді Йозеф Клемент.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға