Жаңалықтар

Әуе көлігіндегі жолаушылар ағыны артуда – ИИДМ

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді
Әуе көлігіндегі жолаушылар ағыны артуда –  ИИДМ
Фото: strategy2050.kz 06.10.2022 15:48 883

2022 жылдың 8 айында отандық әуекомпаниялар тасымалдаған жолаушылар саны 6,9 млн адамды құрады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ішкі желілерде биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында 4,9 млн адам (2021 жылғы сәйкес кезеңде – 4,9 млн адам), ал халықаралық желілерде 2 млн жолаушыны (2021 жылғы сәйкес кезеңде – 1,2 млн адам) тасымалдады.

Мәселен, «Air Astana» компаниясы шамамен 2,7 млн, «FlyArystan» 2,1 млн, ал «SCAT» авиакомпаниясы 1,8 млн жолаушы тасымалдаған.

Аталған кезеңде еліміздің әуежайларында қызмет көрсетілген жолаушылар саны 13,1 млн адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға артық (2021 жылы – 11,6 млн адам).      

Қазіргі уақытта ішкі авиарейстерді аптасына 617 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша 6 отандық авиакомпания орындайды.

Халықаралық рейстер аптасына 490 рейс жиілігімен 112 бағыт бойынша 28 елде орындалады. Олардың қатарында Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Египет, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Ұлыбритания, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзірбайжан, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Үндістан, Иран, Черногория, Греция, Италия, Қытай мемлекеттері бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға