Жаңалықтар

ҰБТ сертификаттарын қолдан жасағандардың әрекеті әшкере болды

ҰБТ сертификаттарын қолдан жасағандардың әрекеті әшкере болды
Фото: Ұлттық тестілеу орталығы 23.07.2024 20:50 6118

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сертификаттарын қолдан жасау фактілерін әшкере етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өкінішке қарай, биыл жалған ҰБТ сертификаттарын ұсыну жағдайы анықталды. Қазіргі уақытта грант конкурсына құжаттар қабылдануда және қабылдау комиссияларына жалған сертификаттар ұсыну бойынша 10-нан астам әрекет тіркелген. ҰБТ сертификатын қолдан жасау мүмкін емес екенін ескеру маңызды. Әрбір сертификатта оның түпнұсқалығын бірден тексеруге мүмкіндік беретін бірегей QR коды бар. Сондай-ақ, ҰБТ сертификаты ресми құжат болып табылады және оны қолдан жасау ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мысалы, мына сертификатта QR-код ашылмайды, сондай-ақ сандар әр түрлі шрифтпен, әр түрлі көлемде жазылған, - деп мәлімдеді ҰТО.

Сертификаттарды қолдан жасауға тырысудың барлық жағдайы тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ сертификаты app.testcenter.kz сайтында жеке кабинетте, certificate.testcenter.kz сайтында және eGov электрондық үкімет порталында қолжетімді.

Достар! Сіздерді заң бұзушылыққа  бармауға шақырамыз. Жалған құжаттарды қолдан жасау ауыр салдарға, ал шынайы еңбегіңіз бен адалдығыңыз теңдесі жоқ табыс әкелетініне сенеміз!, - делінген ҰТО ақпаратында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға