Жаңалықтар

ҰБТ-ға дайындық үшін 10 млн теңге алған алаяқ мұғалім ұсталды

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
ҰБТ-ға дайындық үшін 10 млн теңге алған алаяқ мұғалім ұсталды
Фото: polisia.kz 08.02.2023 16:15 1045

Алматыда ҰБТ-ға дайындаймын деп оқушылардың ата-аналарынан 10 миллион теңгедей ақша алып, артынша жоқ болып кеткен 22 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Күдікті азамат жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын білім беру орталығының директоры атынан “әрекет еткен”. Келісімшарт талаптарына сәйкес, ата-анаға қызмет ақысы – 238 мың теңгені бөліп төлеуге болатын. Ал бала тестілеуден өтпей қалса, “мұғалім” ақшаны қайтаруға уәде берген. Іс жүзінде оқу орталығының негізін қалаушы жоқ болып кеткен. Балалар уәде етілген сабақтарды алмаған соң олардың ата-аналары полицияға көмек сұрап жүгінген.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеудің қазіргі сатысында қылмыстық іс бойынша 76 жәбірленуші анықталды. Күдікті ұсталды. Қазір қамауда отыр", – деді, Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға