ҰБТ-2024: 6 облыстың оқушылары тестті кеш тапсырады

Фото: Ұлттық тестілеу орталығы
Фото: Ұлттық тестілеу орталығы
30.04.2024 16:31
1407
Биыл негізгі ҰБТ еліміздің әр аймағында әртүрлі уақытта басталады. Төтенше жағдай режимі жарияланған 6 облыс талапкерлері үшін ол кейінірек басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін ҰБТ-ға тіркелу 6 мамырдан 20 мамырға дейін, ал тестілеудің өзі 25 мамырдан 12 шілдеге дейін өтеді.
Қалған талапкерлер үшін ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау мерзімі - 6 мамырдан 14 мамырға дейін. Ал ҰБТ 16 мамырдан басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылы барлық талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.
Бөлісу:
