«Уайымдадым, жыладым»: Қайрат Әділгерейдің әйелі тойының алдында болған оқиғаны есіне алды
Қазақстандық әнші Бақыт Тұрман «Төрлетіңіз» бағдарламасына берген сұхбатында актер әрі тележүргізуші Қайрат Әділгереймен шаңырақ көтерген кезін есіне алып, көпшілік білмейтін сырын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің сөзіне қарағанда, ол үйлену тойы алдында анасын қимай жылаған. Дегенмен күйеуі Қайрат Әділгерей қолдау көрсетіп, бәрі жақсы болатынын айтып сендірген.
Мен тұрмысқа шыққан кезде Қайрат жұлдыз болған жоқ. Ол өте көңілді жігіт еді. Бірақ өз тойымда қатты уайымдадым, жыладым. АХАТ бөлімінде қатты жылап қалдым. Анамды қимай, сол кезде жылағаным есімде қалыпты. Қайрат той кезінде «мен сені бақытты қыламын, мен бақыттымын» деп айта берді. Қолдауын білдіргені ғой. Сондай кезде қалай қуанбасқа? Жігітің «мен бақыттымын» деп айта берсе, оған көңілің толады ғой. Мен Қайрекеге сенімді болдым. Сол кезбен санағанда тойымыз өте жақсы өтті. Алтынай мен Талғат Жорабаевтар Атырауға арнайы келіп, тойымызда ән шырқады, - деді Бақыт Тұрман.