«Уақыт – емші»: Төреғали Төреәлінің әкесінің видеосы жұртты алаңдатып қойды

Белгілі әнші Төреғали Төреәлидің әкесі Instagram парақшасында ұлының жанкүйерлеріне арнап видео жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төреәлі Төлепов жариялаған видеода Төреғали Төреәлі орындайтын әннің бейнебаянынан үзінді көрсетілген. Алайда видеомен бірге жазылған сипаттамадағы мына жолдар көпшіліктің көңіліне күдік ұялатты:
Аман болсақ, біз бірге бола аламыз,
Дұға-тілек – жаныңа дауа нағыз.
«Уақыт – емші» дейді ғой дана халық,
Ағайын, біз қайтадан ораламыз!
Бұл сөздер желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Бірі әншіге не болғанын сұрап, алаңдаушылық білдірсе, енді бірі оның қазіргі уақытта шетелде ем қабылдап жатқанын жазған. Әншінің әкесі бұл пікірге қатысты жауап бермеген.
Бейнебаян астында Төреғалидың сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, пікір қалдырғандар да көп.
Айта кету керек, Төреғали Төреәлі соңғы уақытта әлеуметтік желіден көрінбей кетті. Оның Instagram парақшасындағы соңғы жазбасы 3 наурызда жарияланған. Сол кезде жоспарланған концерттері кейінге шегерілген болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
