Жаңалықтар

Қуаныш Сұлтанов: Павлодар облысы еліміздің экономикалық және рухани әлеуетін арттыруда

Қуаныш Сұлтанов: Павлодар облысы еліміздің экономикалық және рухани әлеуетін арттыруда
04.04.2018 05:05 2183

Өңірімізге жұмыс сапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Артур Платонов Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері және белсенділерімен кездесті.

Кездесу барысында Елбасы наурыздың басында жариялаған бес әлеуметтік бастамасы жан-жақты сараланды.

Өз сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қуаныш Сұлтанов әлеуметтік бастамалар жобаларының дайындалу барысы жөнінде айтып өтті.

- Сіздер Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан жаңа реформаларға қолдау көрсетіп, өңірде үлкен еңбек атқарып келесіздер. Павлодар облысы еліміздің экономикалық және рухани әлеуетін артыруда, - деп атап өтті Қуаныш Сұлтанов.  

Сонымен қатар, міжіліс депутаттары және Ассамблея мүшелері әлемдегі тұрақсыздыққа тоқталып, Қазақстанның мейірімді саясаты мен тұрақты дамуының артықшылықтарын айт. Осы орайда жастардың жан-жақты дамуы да басты назарда екені айтылды.

Ертіс өңіріне аттанардың алында Үкіметтің отырысы өтті, - деді Қуаныш Сұлтанов. – Отырысқа Ұлттық Банк өкілдері де қатысты. Қазір халықтың көкейінде Елбасының бастамалары жөніндегі сұрақтар көп екені белгілі. Сондықтан арнайы біліп келгенбіз. «7-20-25» жобасының ережесі мамыр айында халыққа жарияланады. Жоба негізінен жастардың баспаналы болуына бағытталған.

Артур Платонов мемлекеттік қолдаудың, оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялаған бес әлеуметтік бастамасы арқасында қазіргі таңда қазақстандықтар алдында туған мүмкіндіктер жөнінде сөз тарқатты.

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға