Жаңалықтар

ТЖМ Жаңа жыл түнінде қанша өрт болғанын айтты

ТЖМ Жаңа жыл түнінде қанша өрт болғанын айтты
Фото: ҚР ТЖМ 01.01.2024 11:40 681

Жаңа жыл түні ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде қызмет атқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен тәулікте 31 желтоқсанда Қазақстан ТЖМ күштері 163 шығу жасады, оның 94-і өрттер мен жану оқиғаларына, 68-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға.

Бұл ретте 518 адам, оның ішінде 65 бала құтқарылды және эвакуацияланды, - делінген ТЖМ таратқан мәліметте.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға