ТЖМ судағы қауіпсіздіктің 7 ережесін ұсынды

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
17.08.2024 12:33
679
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға судағы қауіпсіздік туралы ескертеді және ведомство өкілдері қауіпсіздікті сақтаудың 7 негізгі ережесін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
- Тек жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты мен құтқарушылары бар шомылуға арналған орындарда шомылыңыз;
- Жүзуді білмей, суға белден жоғары кірмеңіз;
- Кемелерге және өзге де жүзу құралдарына жақындауға болмайды;
- Жағадан алыс жүзбеңіз;
- Су маңындағы балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Түнгі уақытта және ішімдік ішкен күйде шомылмаңыз;
- Қайықтар мен көпірлерден суға секірмеңіз.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді