Жаңалықтар

ТЖМ су тасқынына қарсы қандай іс-шаралар өткізді

ТЖМ су тасқынына қарсы қандай іс-шаралар  өткізді
Фото: Бейнежазбадан скриншот 22.03.2025 23:18 557

ТЖМ әскери бөлімдерінің қатысуымен су тасқынына қарсы өткізілген іс-шаралар айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ әскери бөлімдері елді мекендерді су басуының алдын алу мақсатында еліміздің түрлі өңірлерінде су тасқынына қарсы өткізілген іс-шараларын өткізуде.

✅Осылайша Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Құмжарған ауылында ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері 400 метр аралыққа инертті материалмен толтырылған 1200 қапты төсеп шықты.

Ал Атырау облысы Құлсары қаласында ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамы 50 кг-дық 300 қап және 1 тоннаға толтырылған 40 қап дайындап, онымен Жем өзенінің жағалауын нығайтты.

Әскери бөлімдер облыстық төтенше жағдайлар қызметтерімен бірлесіп алдын алу іс-шараларын жалғастыруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға