Жаңалықтар

ТЖМ қызметкерлерінің жалақысы тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға жетпейді

ТЖМ қызметкерлерінің жалақысы тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға жетпейді
Фото: El.kz 26.05.2023 09:08 596

Өткен жылдың бірінші жартыжылдығында азаматтық қорғау органдарының 770 қызметкері жұмыстан шықты. Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұндай деректер «Азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспарында» жазылған.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жалақысының 2021 жылдан бастап сараланған өсуін ескергеннің өзінде ең төменгі жалақы – небәрі 108 мың теңге. Бұл тұрғын үй сатып алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік бермейді. Тиісінше қызметкерлер мен олардың отбасыларының моральдық-психологиялық жағдайына теріс әсер етеді, - деп кешенді жоспарда кадр тапшылығы мәселесі жазылған.

Ведомство ақпаратына сай, бұл маман тапшылығы мен олардың тұрақтамауына алып келеді. Тиісінше бұл жұмыстың сапасы мен азаматтық қорғау органдарының төтенше жағдайларға ден қою әзірлігіне кері әсер етіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға