Жаңалықтар

ТЖМ қызметкерлері қылқан жапырақты ағаштар отырғызды

ТЖМ қызметкерлері қылқан жапырақты ағаштар отырғызды
Фото: ҚР ТЖМ 12.10.2024 20:44 144

Алғашқы қар жауған күні қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін таңертең министр генерал-майор Шыңғыс Әрінов бастаған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымы қылқан жапырақты ағаштардың кезекті көшеттерін отырғызды.

Елордалық өрт сөндіру бөлімдерінің аумақтарын көгалдандыру экологиялық акциясы дәстүр бойынша әр сенбі сайын өткізіледі.  Күз басталғалы бері құтқарушылар мыңға жуық шырша мен қарағай көшеттерін отырғызды.

Айта кетейік, 17 облыс пен  республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелердің құтқарушылар ұжымы да осындай іс-шараларды өткізуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға