ТЖМ құтқарушылары жолда қалған бірнеше көлікті қар құрсауынан шығарды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
04.02.2025 05:34
105
ТЖМ қызметкерлері Жамбыл облысының Қордай ауданында жолдың жабық учаскесінде қарда тұрып қалған бірнеше көлік қауіпсіз аумаққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ құтқарушылары вахтовка автокөлігімен 4 жеңіл және 2 жүк көліктерін тазартылған жолға тартып шығарды. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.
ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды қаперге салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында бір аптаға мыңға жуық жұмыс орны ашылды
Келесі жаңалық
Қазақстан хоккейшілері Азия ойындарын ірі жеңіспен бастады