ТЖМ құтқарушылары шетелдік азаматтарға көмектесті

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
12.04.2025 23:50
204
Бүгін Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінен 12 шақырым жерде орналасқан дала жерінде жеңіл автокөлік балшық массасына кептеліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, салонда төрт адам, үшеуі Қытай Халық Республикасының азаматтары және олардың аудармашысы болды.
Жүргізуші дала жолының су басқан учаскесінен өздігінен шыға алмай, 112 желісіне хабарласып көмек сұрады. Лебедкамен жабдықталған жоғары өтімді техникамен келген құтқарушылардың кезекші ауысымы көлікті тұзды батпақтан алып шықты, - делінген мәліметте.
Шетелдік азаматтар қазақстандық құтқарушыларға қиын жағдайда жедел көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның бастамасымен ТМД волонтерлер форумы құрылады
Келесі жаңалық
Жапониядағы танымал әуежай өз салмағынан суға кетуі мүмкін