ТЖМ құтқарушылары қыстауда қалған 3 жастағы балаға көмек көрсетті

Фото: Бейнежазбадан скриншот
Фото: Бейнежазбадан скриншот
05.03.2025 19:47
255
Ақтөбе облысында ТЖМ жол талғамайтын көлігі зардап шеккен баланы тасымалдауға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ қызметкерлеріне Ақтөбе облысы Темір ауданындағы шаруа қожалықтардың бірінде үш жасар баланың ауырып қалғаны және медициналық мекемеге тасымалдауды қажет ететіндігі туралы хабарлама келіп түскен.
Шұбарқұдық кентінен 20 шақырым қашықтықтағы шаруа қожалығына баратын жолды қар басқандықтан, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге жол талғамайтын "Трэкол" көлігімен жолға шығуға шешім қабылданды.
Жолдың қиын бөлігін өтімділігі жоғары көлікпен еңсере отырып, құтқарушылар балақайды шұғыл түрде Шұбарқұдық кентіндегі ауруханаға жеткізді.
Бөлісу:
