Жаңалықтар

ТЖМ құтқарушылары қазақстандықтарды тасымалдау үшін Қырғызстанға барды

ТЖМ құтқарушылары қазақстандықтарды тасымалдау үшін Қырғызстанға барды
Фото: ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр 30.06.2024 22:33 301

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары ҚР ҚМ әуе кемесімен азаматтарымызды эвакуациялау және қаза тапқандардың денелерін елімізге тасымалдау үшін Қырғыз Республикасының Ош қаласына ұшып келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұшақ бортында ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен психологтары бар.

ТЖМ мәліметінше, бортпен Қырғызстанның сел тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына жалпы салмағы 2,7 тонна азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді.

Жамбыл облысы ТЖД бастығы Арман Тоқанов іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін Ош облысы Ноокат ауданының ТЖ аймағына жіберілді.

Бұған дейін ҚР ТЖМ ахуалдық орталығында жедел штаб құрылды, ондағы мамандар Қырғызстан ТЖМ және біздің елшілікпен тұрақты байланыста, - делінген мәліметте.

Өскеменде ШҚО ТЖД бастығы Рашид Биляловтың үйлестіруімен екі тәулік бойы жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Штаб базасында жергілікті атқарушы органдармен бірге қайтыс болған балалардың туыстарына психологиялық көмек көрсетілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға