Жаңалықтар

ТЖМ құтқарушылары Қарағанды облысында 2 адамды ауруханаға жеткізді

ТЖМ құтқарушылары Қарағанды облысында 2 адамды ауруханаға жеткізді
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі 09.02.2025 21:43 332

Қарағанды облысында ТЖМ құтқарушылары 2 адамды ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтоғай ауданы, Ортадересі ауылдық округі, «Нартауекел» қыстағы қар салдарынан автокөліктердің жүруі қиынға ұшырағандықтан, ТЖМ күштері 2 адамды Балқаш қаласының ауруханасына жеткізді.

️Құтқарушылар және ҚР ТЖМ АМО бригадасы оқиға орнына жедел келіп, зардап шеккендерді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ете отырып, қажетті көмек көрсетті.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды қаперге салады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға