ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған 8 адамды құтқарды

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
24.11.2024 23:15
394
Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал-Достық республикалық автожолының учаскесінде 4 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына келген құтқарушылар вахтаның көмегімен 8 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.
Құтқарылғандар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйде лифт шахтасы өртенді
Келесі жаңалық
Елордада кальян ұсынған мекемелерге айыппұл салынды