ТЖМ құтқарушылары Наурыз мейрамында ағаш отырғызды

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің басшылығымен өткен жылдан бастап ведомствоның өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару бөлімшелерінің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Күн жылына бастағалы ТЖМ орталық аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ еліміздегі аумақтық бөлімшелердің құтқарушылары өрт сөндіру бөлімдерінің аумақтарына ағаш отырғызуда.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 20 мыңнан астам шырша, қарағай, шетен, қайың және жөке көшеттері отырғызылды. Биылғы жылы дәстүр жалғасын тапты. Ведомство басшысы жұмыс сапары барысында Алматыда жас қарағай көшеттерін отырғызды. Осылайша эко-челлендж басталды.
Алматы облысында құтқарушылар жедел-құтқару жасағының аумағында көгалдандыру акциясын өткізді. Жетісуда «Наурызнама» онкүндігі аясында экологиялық акция өтті. Қызылорда облысында Наурыз мейрамы қарсаңындағы дәстүр бойынша құтқарушылар тал екті. Маңғыстау облысында жаңа ағаштар көшеттері отырғызылып, гүлзарлар ретке келтірілді. Түркістан облысы мен Шымкентте де жасыл желек отырғызу сенбіліктері өтті.
Бұл іс-шаралардың мақсаты-экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны көгалдандыру. Ағаш отырғызу тек акцияға ғана емес, ол Қазақстан құтқарушылары бірлестігінің символы. Наурыз бірлік мерекесі ретінде қуанышты эмоцияларды ғана емес, болашаққа тіршілік нәрін сыйлайды.
Бұл бастамалар тек көгалдандыру ғана емес, сондай-ақ ұрпақтардың өркендеуі мен сабақтастығына негіз болатын игі істердің маңыздылығын еске салады.
