ТЖМ құтқарушылары көпқабатты үйден 9 адамды эвакуациялады
![ТЖМ құтқарушылары көпқабатты үйден 9 адамды эвакуациялады ТЖМ құтқарушылары көпқабатты үйден 9 адамды эвакуациялады](/storage/storage/element/2024/12/05/mainphoto/132818/1200xauto_sn6T2mq73tdPNd5zdJCvePblvXDC6Maq1Ah8f1zw.jpg)
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
05.12.2024 23:51
433
Павлодарда Малайсары батыр көшесінде орналасқан көпқабатты үйлеріндің бірінде 4 қабаттағы пәтерде үй заттары мен жиһаз өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілер 9 адамды, оның ішінде 5 баланы баспалдақ маршымен эвакуациялады, 18 адам өз бетінше шықты.
ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері 6 адамды, оның ішінде 3 баланы қарады. Ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ. "103" бригадасы 1938 жылы туған тұрғынды тексеріп, ауруханаға жеткізді.
Өрт бастапқы кезеңде сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Келесі жаңалық
Конькимен жүгіруден Азиада жүлдегерлері елге оралды