Жаңалықтар

ТЖМ құтқарушылары Іле Алатауы тауларында ер адамды іздестірді

ТЖМ құтқарушылары Іле Алатауы тауларында ер адамды іздестірді
Фото: ТЖМ 10.02.2024 22:08 733

10 ақпанда сағат 17:31-де Үш ағайынды шыңы (2680 м) маңайында ер адам аяғының гипотермиясына байланысты қалаға өздігінен түсе алмайтындығы туралы хабарлама келіп түсті. Туристтің өзі "112" нөміріне қоңырау шалған, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

6 адамнан тұратын Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристті іздеуге шықты.

Сағат 18:30-да ТЖМ құтқарушылар тобы мен Алматы қаласының құтқару қызметі туристті жедел машина орналасқан шлагбаумға дейін көтеріп түсірді. 24 жастағы Ресей азаматы медициналық көмектен бас тартты.❗️

Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарының естеріне салады: маршруттың басым бөлігі күн жарықта жасалуы керек және дұрыс киім мен жабдықтар болуы керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға