Жаңалықтар

ТЖМ құтқарушылары 6 адамды балшықтан шығарды

ТЖМ құтқарушылары 6 адамды балшықтан шығарды
Фото: Видеодан кадр 16.03.2025 17:13 128

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында қар ерігеннен топырақ шайылып, нәтижесінде Ырғыз ауылынан 10 км қашықтықта кіші габаритті жүк көлігі балшыққа кептеліп тұрып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылардың күшімен автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйретіліп шығарылып, елді мекенге дейін сүйемелденді. Құтқарылған 6 адам, оның ішінде 2 бала медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға