ТЖМ құтқарушылары 11 баланы құтқарды
![ТЖМ құтқарушылары 11 баланы құтқарды ТЖМ құтқарушылары 11 баланы құтқарды](/storage/storage/element/2025/02/08/mainphoto/141674/1200xauto_QWPlo1Oxlc0l1N0yjIjO6XGvkE5ETZC6sKH3ZGSj.jpg)
Фото: Бейнежазбадан скриншот
Фото: Бейнежазбадан скриншот
08.02.2025 20:44
88
Бүгін Қостанай облысы Амантоғай ауылынан 20 шақырым жерде облыстық маңызы бар «Әулиекөл-Жолдама» тас жолында жарысқа бара жатқан балалары бар екі автобус қар құрсауында қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ қызметкерлері автобустан жақын маңдағы Амантоғай ауылындағы жылыту пунктіне 13 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялаған.
Бұл ретте ТЖМ күштері 14 адам бар екі автобус пен жеті жеңіл көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығару жұмыстарын жалғастырып жатқанын жеткізді.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Келесі жаңалық
Маңғыстауда жұмысшы мамандықтар жылы басталды