ТЖМ өрт кезінде енді тікұшақ техникасын қолданады
Фото: © Freepik.com
Фото: © Freepik.com
12.11.2024 10:35
334
Төтенше жағдайлар министрі көпқабатты үйлердегі өртке қарсы күрес жөніндегі жоспар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігі алғаш рет Астана қаласында тұрғындарды эвакуациялау үшін тікұшақ техникасын тарта отырып жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр. Зәулім үйлердің тұрғындарын оқытудың тәжірибелік әдістері – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бірі. Бұл туралы ТЖ министрі Үкімет отырысында баяндады.
Жүргізіліп жатқан жұмыс азаматтарды өрт кезінде өзін-өзі құтқару дағдыларына кезең-кезеңімен үйретеді, осылайша қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттырады, — деп түсіндірді Шыңғыс Әрінов.
Республика бойынша осындай 250-ден астам оқу-жаттығу өткізілді. Сонымен қоса бір мезгілде Министрлікке көп қабатты тұрғын үйлер мен адамдар көп жиналатын нысандарды пайдалануға қабылдау жөніндегі өкілеттіктер беру туралы мәселе шешілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға