Жаңалықтар

ТЖМ-нің комитет төрағасы мен екі департаментінің басшылары ұсталды

ТЖМ-нің комитет төрағасы мен екі департаментінің басшылары ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 24.07.2023 11:56 1014

Өткен аптаның ортасында Шымкент пен Жетісу облысының ТЖД бастықтары 4 млн теңгеге дейін пара алды деген күдікпен ұсталған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқи отырыңыз:

Антикор ТЖД бастықтарына қатысты қандай шара қолданғанын мәлімдеді.

А.ж. 21 шілдесінде Астана қаласының ауданаралық тергеу сотымен ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, - делінген мәліметте.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатыстығы тексерілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға