Жаңалықтар

ТЖМ мамандары 3500 метр биіктікте адам өмірін құтқарды

ТЖМ мамандары 3500 метр биіктікте адам өмірін құтқарды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 09.02.2025 01:30 93
Іле Алатауы тауының Богданович мұздығының маңындағы тау үңгірінің жанында адам жарақат алғаннан кейін ТЖМ құтққарушылары оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобының шықты. Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте зардап шеккен адамды бірден тапты Оның сол аяғы сынғаны анықталды. 

Оқиға орнында құтқарушылар қажетті медициналық көмек көрсетті. ТЖМ РЖҚЖ мен Алматы қ. құтқару қызметі құтқарушыларының бірлескен күш-жігерімен зардап шегушіні «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейін тасымалдады. Оған медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ АМО қызметкерлеріне берілді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Қазақстанның ТЖМ таулы жерлерде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Сондай-ақ, туристерге ауа райы жағдайларын ескеру, керек-жарақтарды дұрыс таңдау және құтқару қызметтерін көтерілу бағыты туралы алдын ала хабардар ету ұсынылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға