Жаңалықтар

ТЖМ лауазымды қызметкерлері 40 млн теңгеден астам пара алған

ТЖМ лауазымды қызметкерлері 40 млн теңгеден астам пара алған
Фото: El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 28.05.2024 09:25 581

ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады.

Лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам бизнес өкілінен жүйелі негізде пара алу бойынша күдікті.

Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады.

Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында мәні бойынша қаралуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға