Жаңалықтар

ТЖМ: Көктем мезгіліндегі төтенше жағдайға дайындық тексерілді

ТЖМ: Көктем мезгіліндегі төтенше жағдайға дайындық тексерілді
Фото: ОКҚ 09.02.2024 17:52 632

«Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуында көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жою үшін тартылатын барлық қызметтердің күштері мен құралдарының әзірлігі тексерілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Чингис Ариновтың айтуынша, олардың жалпы саны 39 мың адам, шамамен 11 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу және 3 мыңнан астам су айдау құралдары.

Бейнеконференция байланыс режиміндегі кеңеске Ресей Федерациясының 8 шекаралас өңірі қатысты. Олармен трансшекаралық елді мекендерді су басқан жағдайда жедел ақпарат алмасу және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі шаралар пысықталды, - деді ол.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрінің сөзінше, оқу-жаттығу барысында волонтерлер мен үкіметтік емес ұйымдар тартылып, халықты қауіпсіздік мәдениетіне оқытуға ерекше назар аударылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға