Жаңалықтар

ТЖМ БҚО-дағы әуе апатына байланысты түсініктеме берді

ТЖМ БҚО-дағы әуе апатына байланысты түсініктеме берді
Фото: ТЖМ 24.02.2023 10:40 1402

Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«23 ақпан күні астана уақытымен 15:48-де «Дағдарыс жағдайларын басқару» орталығына Орал қаласынан 54 шақырым жерде БҚО Бәйтерек ауданына жақын жердегі ашық аумақта МИ-8 құтқару тікұшағы қонуға мәжбүр болғаны туралы ақпарат түсті. Тікұшақ Атырау-Орал-Атырау бағыты бойынша ұшқан болатын. Сағат 10:40-та «KazTransOil» акционерлік қоғамының өтінімі бойынша Атыраудан ұшып шықты. Бортта 6 адам болған, 5 экипаж мүшесі және «KazTransOil»-дің өкілі болған»,- деді ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оқиға орнында 4 адам қаза тапты. Ал 2 адам ауруханада жатыр. Ақау шыққан тікұшақ 2021 жылы жасап шығарылған, әуеде ұшу уақыты 250 сағатты құрайды.

2023 жылдың 17 қаңтарында Атырау қаласында мерзімді техникалық қызмет көрсетуден өткен. 2030 жылы әуе кемесі алғашқы күрделі жөндеуден өтуі тиіс деп жоспарланған.

Қазіргі таңда апаттың себептері анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысы аумағына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын жазған едік.

Кейіннен Азаматтық авиация комитеті тікұшақ экипажының арасында зардап шеккендер бар екенін хабарлады. Кейін апаттан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шеккені анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға