Жаңалықтар

ТЖМ басшысы: 28 жыл ішінде 400 мыңнан астам адам құтқарылды

ТЖМ басшысы: 28 жыл ішінде 400 мыңнан астам адам құтқарылды
Фото: © ОКҚ 19.10.2023 12:50 1050

Бүгін, 19 қазан – Құтқарушылар күні! Ширек ғасыр ішінде елдің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша орасан зор жұмыс атқарылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретін бірқатар ірі жоба іске асырылды. Сондай-ақ 1,5 мыңға жуық өрт-құтқару автотехникасы сатып алынып, 30-дан астам өрт сөндіру депосы мен құтқару станциялары салынды. Кәсіби кадрларды даярлау жұмыстары да жүргізілуде. Азаматтық қорғау академиясын 5 мыңнан астам маман бітіріп шықты. Биылдан бастап алғаш рет курсант қыздар оқуға қабылданды, - деді министр.

Оның айтуынша, азаматтық қорғау органдарында 27 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.

28 жыл ішінде құтқарушылар төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға 1,5 миллионнан астам шақырту алды. Олардың кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында 400 мыңнан астам адам құтқарылды, 380 мыңға жуық адам төтенше жағдайлар түрлі аймақтардан эвакуацияланды, - деді Сырым Шәріпханов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға