Жаңалықтар

ТЖМ: 9 миллион текше метр еріген қар суы сорылды

ТЖМ: 9 миллион текше метр еріген қар суы сорылды
Фото: ОКҚ 12.04.2024 10:51 567

Су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтері 99 869 адам, оның ішінде 36 591 баланы қауіпсіз жерлерге жеткізді. Уақытша орналасу пунктеріне 6 586 адам, оның ішінде 3 197 бала орналасты. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, 9 миллион текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,6 миллион қапшық және 1,2 миллион тонна инертті материал төселді.

Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарына 34 272 адам,  3 790 техника, 17 әуе кемесі жұмылдырылды. Дәл қазір Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 563 жеке тұрғын үй, 563 аула аумағы және 1 778 саяжай үйлері су астында қалып жатыр. 3 052 тұрғын үй мен 1 935 аула аумағынан су бұрылды, - деді ол.

Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 34 төтенше жағдай әрекет етеді. 

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға