Жаңалықтар

ТЖМ: 7,7 млн текше метр еріген қар суы сорылды

ТЖМ: 7,7 млн текше метр еріген қар суы сорылды
Фото: ОКҚ 08.04.2024 10:42 727

Елімізде су тасқыны басталғалы бері 75 982 адам, оның ішінде 18 681 бала құтқарылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тартылған әуе кемелерімен 2 811  адам, оның ішінде 865  бала құтқарылды. Уақытша орналасу пункттеріне 7 203 адам, оның ішінде 2 794 бала орналастырылды. 69 971 ауылшаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды, - деді аға офицер.

Ерасыл Абайдолдаұлының сөзінше, зардап шеккен өңірлерге 126 535 кг гуманитарлық көмек жеткізілген. Бірлескен күштермен 7,7 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорылды, 993 мың қапшық және 982 мың тонна инертті материал төселді. 1 739 тұрғын үй мен 1 743 аула аумағынан суды бұру жұмыстары жүргізілді.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына 16 375 адам, 1 651 бірлік техника, 377 су сору және 81 жүзу құралы, 15 әуе кемесі жұмылдырылды. Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3 745 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы су астында қалуда, - деп атап өтті Ерасыл Сайпаш.

Су шайған 105 автожол, оның ішінде 4 көпір мен 101 жол төсемі және көлік қатынасынсыз қалған 65 елді мекен бақылауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға