Жаңалықтар

ТЖД азаматтарға автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады

Бұр туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті
ТЖД азаматтарға автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады
Фото: ҚР ТЖМ 28.01.2023 17:40 1216

Бүгін сағат 08.06-да Өрт сөндіру қызметіне газель автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сағат 08.22-де сөндірілді. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы 1990 жылы туған көлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Жүргізуші беті, екі қолы, екі табаны 1- 2 дәрежелі термиялық күйік алған деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД 6 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жыл басынан бері елордада автокөлікте өрт саны артқанын хабарлайды.

Көбінесе өрттің себептері электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі және газ баллонды жабдықтың дұрыс орнатылмауы, сондай-ақ техникалық тексерудің дұрыс жүргізілмеуі болып табылады.

Осыған байланысты елордалық ТЖД автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады. Егер көлік қозғалыс кезінде жанса, келесі әрекеттерді орындау керек:

- дереу тоқтап, жолаушыларды салоннан эвакуациялаңыз;

- кезекші қызметтердің 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз, сондай-ақ жақын маңдағы адамдардан көмек сұраңыз;

- қозғалтқышты сөндіріп, капотты ысырмалардан босатыңыз,  аккумуляторды  ажыратыңыз және өрт сөндіргішті қолданыңыз. Тез тұтанатын сұйықтықтар мен электр жабдықтарын сөндіруге арналған кемінде бір литр өрт сөндіргішті өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады. Өрт сөндіргіштің көлемі неғұрлым көп болса, өрттің алдын алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады;

- қозғалтқыштағы өртті өшіру үшін суды қолдаңбаңыз, ол электрсымдарыным қысқа тұйықталуына және жанар май жануының көлемінің үлкеюіне  әкелуі мүмкін;

- егер өрт сұйық отын орналасқан көліктің артқы жағына таралса, дереу көліктен алыстаңыз;

- егер автокөлік гаражда өртеніп кетсе, оны сыртқа итеріп сөндіріңіз;

- егер сіз сол сәтте маймен немесе бензинмен жұмыс істеген болсаңыз, өртті сөндіруге тырыспаңыз. Сіз өзіңіз зардап шегуіңіз мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға