Жаңалықтар

ТЖД: Аягөзде су басқан тұрғын үйлер жоқ

ТЖД: Аягөзде су басқан тұрғын үйлер жоқ
Фото: Видеодан кадр 27.03.2024 02:14 698

Абай облысында қардың қарқынды еруінен Аягөз өзенінің суы арнасынан көтерілді. Дегенмен төтеншеліктер жағдайды бақылауға алып, аудандағы тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқтығын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өзен суы арнасынан көтерілуінен 5 аула учаскесі су астында қалған. Жергілікті атқарушы орган күшімен 12 адам және 4 техника көмегімен үйінділер жасалынып, сондай-ақ өзен жағасын көтеру және нығайту жұмыстары жүргізілуде. Су басқан тұрғын үйлер жоқ.

Аула учаскелерінен еріген қар суын шығару үшін Төтенше жағдайлар департаментінен 7 адам, 2 техника және 3 мотопомпадан тұратын күштері мен құралдары жұмыс атқаруда. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға