Жаңалықтар

ТЖД: Алматыда лай көшкіні қайталанбайды

ТЖД: Алматыда лай көшкіні қайталанбайды
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 08.02.2024 21:00 728

Алматыда лай көшкіні жүрген аймақта қауіп сейілді. Комиссия лай көшкінінің қайта түсу қаупі жоқ деген қорытындыға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Медеу ауданында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Оның құрамына Төтенше жағдайлар департаменті, Қазселденқорғау және қала әкімдігінің мамандары бар. 

Негізгі мақсат — оқыс оқиға болған тау маңын қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тексеру.

8 ақпан сағат 15:00–дегі жағдай бойынша комиссия зерттеу қорытындысы бойынша жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін қайта лай көшкінінің түсуіне қауіп жоқ деген шешімге келді, — делінген мәліметте.

Комиссия өкілдерінің сөзінше, 8 ақпанда 3000 текше метрден астам лай көшкіні түсті.

Жоғарыда әлі 300-400 текше метр бос масса бар, ол қазіргі уақытта мамандардың күшімен тазартылып, қауіпсіз жағдайда төмен түсіріліп жатыр. 

Комиссия мүшелері болған оқиғаның себептерін анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Оның қорытындысы қосымша хабарланады.

Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, оны құзыретті органдар тексереді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға