ТЖД Алматы тауларында қар көшкіні қаупі барын ескертті

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақтарда абай болуға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының ТЖ департаменті «Қазгидромет» мекемесінің 2022 жылғы 20 қарашадағы № 18 дауылды ескертуінің негізінде таулы аймақтарда жауын-шашынның түсуіне байланысты, сондай-ақ 20-21 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкінің түсуі қауіпі бар екенін хабарлайды, осыған байланысты таулардың қарлы беткейлеріне шығу ұсынылмайды.
Қатты жауын-шашын ( қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.
- Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз.
- Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын , қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн-бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді.
- Үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.
- Рюкзактарда мына қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.
- Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз!
- Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды.
