ТЖ қызметкерлері базар маңындағы өртті сөндірді

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
04.03.2024 02:35
656
Өрт сөндірушілер Ақтауда өрттің жақын маңдағы нысандарға таралуына жол бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ-нің мәліметінше, Ақтау қаласында "Көк базар" сауда базары аумағында жеке тұрған жеміс павильонында өрт шыққан.
Өрт сағат 21.47-де оқшауланып, сағат 21.52-де сөндірілді.
Тілсіз жау шарпыған аумақ 50 шаршы метрге жайылған. Алайда зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды