ТЖ министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасында жұмыс кеңесін өткізді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
18.08.2023 23:02
763
Қазіргі уақытта екі зардап шегушіні іздеу жұмыстары жүргізілуде және жергілікті Д-6 көмір конвейерлік еңісте жану ошақтарын сөндіру жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілердің авариялық қазбалардың жанындағы жұмысы жоғары температура мен үздіксіз түтіннің себебінен қиындай түсті. Сондай-ақ, қазбаны салқындату бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
ТЖ министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысын тұрақты бақылауда ұстайды.
Сырым Шәріпханов іздестіру жұмыстарына тартылған тау-кен құтқарушылары үшін қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды.
Бөлісу:
