Жаңалықтар

Тыйым салынған діни материалдар таратқан тұрғын ұсталды

Тыйым салынған діни материалдар таратқан тұрғын ұсталды
Фото: El.kz 29.07.2024 11:00 432

Полиция тыйым салынған діни материалдарды таратқан тұрғынды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау және Ақтөбе облыстарының экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әлеуметтік желілер арқылы діни алауыздыққа шақыратын, тыйым салынған діни материалдарды таратумен айналысқан 18 жастағы Атырау облысының тұрғынын ұстады.

Күдіктінің уақытша мекенжайына тінту жүргізу кезінде түрлі діни кітаптар, діни мәтіні бар брошюра, т.б. заттар тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға