Жаңалықтар

"Тыныш жүр": Белгілі журналист Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке шүйлікті

"Тыныш жүр": Белгілі журналист Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке шүйлікті
Фото: facebook/Бибігүл Дәулетбекқызы 10.08.2024 14:02 10831

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Париж Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған Елдос Сметовтің діни әңгімелерін сынның астына алды. Бұл туралы ол желі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өз жазбасында журналист ел алдында жүрген азаматтарға жастардың санасын уламай, тыныш жүру керектігін ескертті.  Оның жазуынша, кейбір әсіредіншілдер уағыз айту арқылы жастардың саналарын улап, шетелге қашқан.

Журналист мамандығын алғанымда ұстазым Камал Смайловқа: "Ақиқатты ғана жазамын. Қарапайым халықтың сөзін сөйлеймін" деп серт бергенмін. Осы уәдемде тұру парызым! Менің міндетім – Қазақ деген ұлтымды сақтап қалу!
Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартып, ертеңгі күні өз халқыма қарсы шығартып ала алмайды екенмін! Қай-қайсыңа да айтарым осы: Елдің алдында жүрсің бе? Тыныш жүр уағызыңды айтпай, жастардың санасын әсіредінмен уламай! Әншісің бе? Әніңді айт! Спортшысың ба? Жаттықтыр!", - деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға