Тынық мұхитының жағалауындағы елде жер сілкінді
Фото: vsedostoprimechatelnosti.ru
Фото: vsedostoprimechatelnosti.ru
03.03.2023 06:39
2035
Тынық мұхиты жағалауында орналасқан Вануату мемлекетінде жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Зілзаланың магнитудасы 6,5 балға жеткен.
Star advertiser басылымы таратқан ақпаратқа сүйенсек, жер сілкінісінің ошағы Порт-Орли қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырымда орналасқан. Ошақ 6 шақырым тереңдікте болған.
Болған жайтты назарға алсақ, Тынық мұхитында цунами орын алу ықтималдылығы жоқ, Гавайға да цунами қатері төнбейді, - делінген Тынық мұхитындағы цунамидің алдын алу бюллетені таратқан хабарламада.
Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы деректер жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Саясат Нұрбек Study UK Alumni жеңімпаздарын құттықтады
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты