Жаңалықтар

Тыңайтқыштарды шетелге шығаруға шектеу қойылады

Тыңайтқыштарды шетелге шығаруға шектеу қойылады
Фото: gov.kz 02.03.2023 22:00 947

Еліміздің аумағынан көлікпен тыңайтқыштарды әкетуге жарты жылға тыйым салынуы ықтимал. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Индустриялық даму комитеті ашық талқыға шығарған бұйрық жобасында жазылған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

«Қазақстан Республикасының аумағынан аммоний нитраты мен аммофосты автомобиль көлігімен әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынсын», - делінген құжатта.

Салынуы мүмкін экспорттық шектеуді іске асыру мен қадағалау Индустриялық даму комитеті, Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.

Бұйрық жобасы 17 наурызға дейін көпшіліктің талқылауында болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға