Twitter аккаунттарды бұғаттауға кірісті

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
11.05.2023 13:08
1029
Twitter-дің бас директоры Илон Маск әлеуметтік желіде бірнеше жыл бойы пайдаланылмаған аккаунттарды бұғаттайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оның айтуынша, қолданылмаған аккаунтардың жазбалары мұрағатта сақталады. Twitter-дің саясатына сәйкес желіге тіркелген азаматтар өз аккаутына айына кем дегенде бір рет кіруге тиіс. Сонымен бірге, Twitter зорлық-зомбылықты, соғысты насихаттаған аккаунттарды бұғаттауға кірісті. Бұған дейін соғысты қолдаған адамдардың аккаунтары бұғатталған болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мүдделі болмай отыр. Сенатор тауар өндірушілерді сынға алды
Келесі жаңалық
Маңғыстауға Өзбекстан дәрігерлері ресми сапармен келеді