Түзеу мекемесінің қызметкері өртеніп жатқан үйден 6 адамды алып шықты
Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
02.01.2024 01:33
911
1 қаңтар күні шамамен сағат 13:21 -де СҚО, Булаево ауылы, Целинная көшесі 7 мекен-жайында орналасқан екі қабатты тұрғын үйден өрт болғандығы туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру барысында пробация аға лейтенанты Ғалымжан Байбусин үй тұрғындарына көмек көрсетіп, түтін басқан үйден 6 адамды алып шықты, оның ішінде кішкентай бала да бар. Сонымен бірге офицер өртті оқшаулауға көмектескен. Өрт салдарынан пәтердегі терезе саңылауы зақымдалды. Өрттің жалпы ауданы 12 шаршы метрді құрайды.
Өрттің алдын-ала себебі-стокерге жақын орналасқан пластикалық терезенің тұтануы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында тұратын жалғыз соғыс ардагері 100 жасқа толды