Жаңалықтар

Тұтынушылық кооператив ретінде жұмыс істеген қаржы пирамидасы анықталды

Тұтынушылық кооператив ретінде жұмыс істеген қаржы пирамидасы анықталды
Фото: ҚМА/Видеодан алынған кадр 31.03.2025 10:45 351

Қаржылық мониторинг агенттігі кең ауқымды операция жүргізіп, тұтынушылық кооператив ретінде жасырылған «Buyers Union» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, олар салымшыларды жылжымайтын мүлік, көлік сатып алуға және Trade in және ReFinance бағдарламаларына қатысып инвестиция салуға үгіттеген.

Сонымен қата, кооператив жеке тұлғалардың қаражатын тартудан дивидендтер алу мүмкіндігімен менеджер болып жұмыс істеуге мүмкіндік берген. Кооперативке қатысудың міндетті шарттарының бірі өмірді сақтандыру үшін ай сайын 30 мың теңге төлеу және сатып алынатын мүліктің құнынан 10%-дық жарна төлеу болған, - делінген мәліметте.

Сөйте тұра кооператив салымшыларға ақша алғаны туралы ешқандай құжаттар ұсынбаған, ал салым сомасы тек пайдаланушылардың жеке кабинетінде көрсетілген.

Нәтижесінде пирамидаға 250-ден астам салымшы тартылып, 300 млн теңгеден астам қаражат салған.

Пирамида ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға