Тұтынушылар құқығын қорғау бойынша омбудсмен институтын енгізу керек – министрлік

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz
28.09.2023 12:15
5384
Сауда және интеграция министрлігі омбудсмен институтын енгізуді ұсынды. Вице-министр Қайрат Балықбаевтың айтуынша, бұл – халықаралық тәжірбие, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Польша және Германияда тұтынушылардың құқықтары жөніндегі муниципалдық комиссар, яғни омбудсмен дамыған. Ол тегін кеңес береді, кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ омбудсмен сот ісін құруға көмектеседі және тұтынушылардың мүдделерін қорғайды, - деді ол.
Министрлік өкілінің сөзінше, мұндай қызметті сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 56%-ы қажет деп дауыс берген.
Бөлісу:
