Жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шаралар жүргізілуде

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шаралар жүргізілуде
Фото: polisia.kz 29.10.2022 01:12 2342

Жамбылдық полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды El.kz

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша күнделікті жұмыс жүргізуде. Талдауға сәйкес өңір аумағында әйелдерге қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың 7,4%-ға төмендеген. Қылмыстардың жалпы санынан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 31 дерегі тіркелген.

Биылғы жылдың 9 айында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша (Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер) 1099 әкімшілік хаттама жасалды. Құқық бұзушыларға қатысты 2658 қорғау ұйғарымы шығарылды, 308 құқық бұзушыға сот шешімімен ерекше талаптар қойылды. Тараз қаласы Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының жүргізген жұмысының нәтижесінде биыл өмірлік қиын жағдайға тап болған 66 әйел, 171 бала қажетті көмектер алды. Сенім телефоны арқылы жүгінген 543 әйелге көмек және қолдау көрсетілді, 1571 азаматқа кеңес берілді.

Полиция құқық бұзушыларды анықтап қана қоймай, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды да анықтайды. Облыс аумағында «Тұрмыс», «Құқықтық тәртіп», «Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі», «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шаралары және «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Абайлаңыз балалар», «ТОҚТА трафик» акциялары өткізіледі.

Полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде үкіметтік емес ұйымдармен, Дағдарыс орталықтарымен, Аналар үйімен, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларымен, «Отандастар» ҚБ, Аналар кеңесімен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Олармен бірлесіп 130 іс-шара өткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға