Жаңалықтар

Түрмелерде медициналық көмек алу неге қиындап кетті

Түрмелерде медициналық көмек алу неге қиындап кетті
Фото: ©pixabay.com 11.06.2024 13:11 530

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға тілшілер түрмедегі тұтқындар денсаулығына байланысты дұрыс ем ала алмай жүргендіктерін айтып, сұрақ жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш мәселеге қатысты Ақмарал Әлназарова тікелей жауап бере алмай, медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің өкіліне сілтеді. Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ұлықбек Медеубеков түрмедегі және тергеу орындарында болып жатқан адамдардың денсаулығы жөніндегі мәселе былтырғы жылдың қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласына берілгенін айтты.

Қазіргі кезде медициналық көмек көрсету жергілікті атқару органдарының құзыретінде. Ал министрлік тарапы оларды бақылауды жүзеге асырады. Бірнеше жылдан бері жиналған сұрақтар өте көп. Бүгінгі таңда оларға көмек көрсету жергілікті тиісті белгіленген емханада жүзеге асырылады. Әр отырған азамат денсаулығына қатысты көмекті белгіленген емханада ала алады. Оның құқығы басқа да азаматтардың құқығымен тең болады. Бұл жерде олар тексерілу, скринг өту немесе стационарлық көмекке жүгіне алады, – деді ол.

Департамент өкілі барлық түскен шағымдар кезеңімен шешіліп жатқанын айтты. Ал шешімін таппаған сұрақтар талданып, жұмысқа алынып жатқанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға